«Жалпы білім беру» кафедрасының ұжымы қонақ ретінде Азаматтық авиация академиясына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты қоғамдық ғылымдардың академигі Болатбек Сламбекұлы Шокенов «Сақ мәдениеті» тақырыбында 1-курс студенттеріне дәріс оқуға шақырылды.
Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Сақ тайпасының халқы өздерін сақатармыз, деп атаған. Сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгенін. Біріншісі, шошақ бөрік киіп жүретіндеріне қарай шошақ бөрікті тиграхауда сақтары деп аталған. Екішісі, хаома сусысын дайындайтын хаомаварға сақтары. Ал үшіншісі, Орта Азияның оңтүстігі мен Арал теңізінің төңірегін және Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген, яғни теңіздің арғы жағындағы сақтар деп аталып кеткен парадарая сақтары. Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Сақтардың ержүрек, жауынгер тайпа болғанын сақ патшайымы Томирис туралы аңыздан да аңғаруға болатынын Сақ тайпалары арасында металл өндіру және өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіптері дамыған кеңінен баяндалды.
Қорыта келе баяндамашы, Сақтарды қазақ ұлтының және қазақ халқының негзін қалаушы ерекше тайпа екенін баяндай отырып,Сақтардың үлкен мемелкет құрып оны империяға айналдрғаны жайында мағлұматтар берді.Сақ өнері, мәдениеті жөнінде де құнды деректер арқылы дәрісті өте тартымлы, қызықты және мазмұнды етіп студенттерге жеткізе білді.