«Мемлекеттің идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру жолдары» тақырыбы аясында өткен «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары

 2022 жылдың қазан айының 5-6-сы күндері Алматы қаласында  
«Қазақстандық Қоғамдық Даму» институтының ұйымдастыруымен  
«Мемлекеттің идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру 
жолдары» тақырыбы  аясында «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтті. 
Аталған семинарға Азаматтық Авиация Академиясының профессоры, 
филология ғылымдарының кандидаты Тулекова Гүлназ Қажымұратқызы  
қатысып, ой бөлісті. Семинар барысында «Рухани ждаңғыру» 
құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту», «Мемлекеттің 
идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру жолдары», «Идеологиялық 
қызметті тиімді іске асырудың әдіс-тәсілдері», «Идеологиялық жұмыстың 
тиімділігін бағалау мен мониторинг жасаудың тәсілдері», «Қызметкерлердің 
көшбасшылық қасиеттерін дамытуда жобалық менеджменттің заманауи 
тәсілдерін қолдану» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасалып, 
презентациялар көрсетілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат 
табысталды. «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы