М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының қойылымын тамашалау

Тіл үйрену кезінде тілдік ортаға ену өмірлік қажеттілік болып табылады. Ал театр қойылымдарына бару тілдік ортаға бейімделу әсерін қалыптастыра алады.

7 қазанда МХ-22, ОНО-22, ЛЭВ-22 және ТТП-22 студенттері «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тенбаева А.М. бірге М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрына барып қайтты. Алматының театрлық өмірімен танысу үшін олар «Аспан күте алады» спектаклін таңдады.

Монументалды театр ғимараты, толық көрермендер залы, ерекше атмосфера, серпінді қойылым студенттерге ерекше әсер қалдырды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы