«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе және «Атамекен» тақырыбына диктант жазуға арналған байқаулардың қорытындысы

Қазақстан Республикасы күнін атап өтуге орай ұйымдастырылған мерекелік концерт тағы бір салтанатты сәтке ұласты. Үздік шығарма, диктант байқауларына қатысып, көзге түскен студенттеріміз мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың қазан айының басында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялады. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 қазаны мен 15 қазаны аралығында Авиациялық ағылшын тілі кафедрасы осы Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізді. Барлығы 27 студент қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармашылық жұмыстарда Қазақстанның болашағына және осы болашақты қалыптастыруға өз үлестерін қосуға қатысты көзқарастары мен үміттерін көрсете отырып, белсенді қатысты. Студенттердің барлық жұмыстары «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушыларымен, сонымен қатар конкурстық комиссиямен, атап айтқанда «Қазақ тілі» - 3, «Орыс тілі» - 11, «Ағылшын тілі» секциясы бойынша - 13 шығармашылық жұмыс тексерілді.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Бақытбаева Жанерке, ЛЭ (С) 22-1тобы

2-орын – Тобабергенұлы Мухаммед-Али, МХ 20-4 тобы

                 Серик Шахноза, ОАБ 20-4 тобы

3-орын – Рақымжанова Ботагөз, МХ -22.2 тобы

                Чипенко Андрей, ЛЭ (С) 22-4 тобы

                Сансызбаев Зангар, АВ 22-1 тобы

Қатысушыларға сертификаттардан басқа 1 орынға 15 000 теңге, 2 орынға 10 000 теңге, 3 орынға 5 000 теңге ақшалай ынталандыру ақысы берілді.

 

«Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауымен қатар, «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының жетекшілігімен 1 курс студенттері арасында «Атамекен» тақырыбында диктант жазу жұмысы ұйымдастырылып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен 10 үздік жұмыс анықталды. Байқауға 134 студент қатысты, оның ішінде «Қазақ тілі» секциясы бойынша – 56, «Орыс тілі» секциясы бойынша– 22, «Ағылшын тілі» секциясы бойынша – 56 қатысушы. Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша келесі студенттердің жұмыстары атап өтілді:

Ағылшын тілінен– Махмадализода Бахтияр (ОВД 22-2), Сансызбаев Зангар (АВ 22-1), Сайлаубек Ерлан (МХ 22-2), Жаманқұл Камшат (ОВД 22-2).

Қазақ тілінен - Рахымжанова Ботагоз (МХ -22.2), Өмірзақ Таңшолпан (ЛЭ (С) 22-4), Жаксибаева Ширин (ТТП 22-2).

Орыс тілінен – Садыков Бахытжан (МХ 22-3), Наурызбеков Толеген (МХ 22-3), Социал Акбар (МХ 22-3).

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы