«ЖАС САРБАЗ»

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толу құрметіне орай Түрксіб ауданы колледждері арасында «ЖАС САРБАЗ» әскери-патриоттық клубтар арасындағы әскери-спорттық эстафета өтті.
Әскери-спорттық эстафетаның нәтижесінде жүлделі 
1 орын-Авияциялық колледжі;
2 орын-Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі;
3 орын- №1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ иеленсе, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі Алғыс хатпен марапатталды. 
Сондай-ақ,тартысты ойын барысында ерекше көзге түскен білім алушылар мен әскери-спорттық іс-шараны саралаған төрешілерге де АЛҒЫС ХАТ табысталды. 
Мұндай әскери-спорттық іс-шаралар жеке құрамның дене дайындығы деңгейін арттыруға және әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етіп, белсенділікті арттырады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы