2022 жылғы 12 қазанда Авиациялық колледж студенттері педагог-психолог және Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары басшылығымен "Ak Jol" жастар денсаулық орталығына барды. Кездесу Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылды. Орталық басшысы Д.Т.Құсайынова балаларды орталықтың жұмысымен таныстырып, жұмыстың негізгі нысандары мен бағыттары туралы айтып берді. Сонымен қатар, орталықтың психологы метафоралық карталарды пайдалана отырып, өзін-өзі тану бойынша тренинг өткізді. Әрі қарай, құммен жұмыс жасау құралдары қолданылды. Колледж тарапынан одан әрі ынтымақтастық туралы меморандум жасалатын болады.