мерекелік іс-шара

25 қазан-Республика күні қарсаңында, “Желтоқсан” саябағында Түрксіб аудандық әкімшілігінің. ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Әуелеген әнмен тамылжыған күй, мың бұралған би қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара мерекелік құттықтаумен басталып, саябақ маңына көшеттер отырғызумен жалғасты. ТУҒАН ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ АЙНАЛАНЫ КӨРКЕЙТУГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУМЕН ӨЛШЕНЕТіні анық. Сондықтан да сауапты істен ешкім тысқары қалмады.
Шараға аудан тұрғындары, студент жастар және де мерекелік іс-шараның басты қонақтары ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР да белсене қатысты.
Айтулы мереке спорттық эстафетаға жалғасты. ЖЕЛТОҚСАШЫЛАР мен жастардан құралған 6 команда “арқан тарту”, “тымақ ұру”, “теңге ілу” секілді ұлттық ойындардан сынға түсті.
Іс-шара соңында барлық кеш қонақтарына сусындар мен ыстық тағамдар таратылды. Мерекелік іс-шара өте жоғарғы деңгейде өтті.
Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы