«Педагогикалық шеберлік мектебі» аясындағы жұптық ашық сабақ

16 ақпанда «Педагогикалық шеберлік мектебі» аясында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Тенбаева Алтынай Мейірбайқызы мен аға оқытушысы Еркебаева Ажара Нұрақынқызы «Мәтіндегі ақпаратты дамыту. Ағылшын мәдениетінің коммуникативті құндылықтары (жеке өмір мен құпиялылық)» тақырыбы бойынша жұптық ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – студенттердің көп тілді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

 Сабақта ментальды карта, топтық жұмыс, пікірталас, эвристикалық әңгімелесу, миға шабуыл, презентация жұмысы сияқты әдістер қолданылды.  

Бинарлы сабаққа қатысушылар «Әуе кемелерінің авионика жүйелерін техникалық тұрғыдан пайдалану» мамандығының 1 курс студенттері болды.

Сабақ барысында орыс тілі пәнінің мұғалімі Тенбаева А.М. студенттердің назарын мәтіндегі барлық тілдер үшін әмбебап ақпаратты дамыту жолдарына, сонымен қатар британдықтардың менталитетінің ерекшеліктеріне аударды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Еркебаева А.Н. презентация көрсетіп, ағылшын тілі мәдениетінің коммуникативті құндылықтары және «Privacy» (жеке өмір мен құпиялылық) ұғымы туралы айтты.

Студенттер қызығушылықпен екі тілде – орыс және ағылшын тілдерінде жаңа материал бойынша тапсырмаларды орындады, қазіргі қоғамдағы жеке кеңістік мәселесін талқылады.

Екі тілде жұптық сабақтарды қолдану олардың меңгерілуін тиімдірек етеді. Мұндай сабақтарда тілдер мен мәдениеттердің диалогы үшін жағдай жасалады, сонымен қатар әрбір оқушының даралығы мен танымдық белсенділігінің көрінуіне қолайлы мүмкіндік тудыртады. Оқушылар естіген ақпаратты түсінуге, әр тілдегі сөздің лексикалық мағынасын салыстыруға, жалпы және әртүрлі нәрселерді көруге үйренеді.

Британдықтардың менталитетіне ену, ұлттық қарым-қатынас дәстүрлерінің ерекшеліктерін атап өту ағылшын тілін тиімді меңгеруге ықпал етеді, бұл болашақ авиаторларды дайындауға қойылатын заманауи талаптар жағдайында ерекше маңызды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы