«SCAT Airlines» АҚ АА АӘК лингвистикалық бөлімінің басшысы Самофалова Ольга Анатольевнамен «Авиациялық ағылшын тілі және сіздің мансабыңыз/болашағыңыз» тақырыбындағы қонақтық дәріс

2022 жылдың 23 қарашасында Азаматтық авиация академиясының акт залында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының жетекшілігімен «SCAT Airlines» АҚ АА АӘК лингвистикалық бөлімінің басшысы Самофалова Ольга Анатольевнамен «Авиациялық ағылшын тілі және сіздің мансабыңыз/болашағыңыз» тақырыбында қонақтық дәріс өтті.
Кездесу көңілді өтті, студенттерге пайдалы ақпарат берілді және ағылшын тілін кәсіби деңгейде меңгерудің ерекше маңыздылығы атап өтілді. Студенттер қонақпен әңгімеге белсене араласып, сұрақтарын қойды. Дәріс нәтижелі және қызықты өтті. Ұстаздар мен студенттер тарапынан қонақпен осындай кездесулерді жиі өткізу туралы ұсыныс түсіп, алдағы уақытта ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы