Педагогикалық шеберлік аясында өткізілген «Қазақ тілі сабақтарында тілді жан-жақты дамытуға бағытталған креативті әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері» атты оқу-әдістемелік семинар

2022 жылдың қараша айының 24 -і күні педагогикалық шеберлік аясында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушыларының (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньер–лектор Н. Суранчиева) ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабақтарында тілді жан-жақты дамытуға бағытталған креативті әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері» атты оқу- әдістемелік семинар өткізілді. Аталған семинарға АА Академиясының бірінші проректоры Қ. Б. Жакупов, АЖД директоры А.С. Шанлаяқов, «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бастығы А.А. Молдыбаева, аталған бөлімнің жетекші әдіскері М.Н Турлымуратова, бас әдіскер Ә.А Айыпова, «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Р. Анаятова, кафедраның сеньор-лекторлары – Д. А. Жунусова, К.С. Кашкинбаева, Ж.Б. Ахметова, Ә.А. Сексембаева, Г.К. Камиева,  «Жалпы білім беру» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты А.К. Сейділдаева, аталған кафедраның философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры А.Н. Акбаева, философия докторы (PhD), сеньор-лектор А.Ж. Султаниярова, сеньор-лектор А.Т. Махамбетжанова қатысты. Семинар барысында  АА Академиясының профессоры, ф.ғ.к. Г.Тулекова қазақ тілі сабақтарында тілді жан-жақты дамытуға бағытталған креативті әдіс-тәсілдердің түрлерін көрсетіп, сол әдістер бойынша оқытушылармен сабақ өткізді. Семинарда «Үштілділік» саясатының бүгіні  мен келешегі, қазақ тілін білудің артықшылықтары, азаматтық авиация саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар соңында берілген тақырып аясында шағын видео көрсетіліп, интерактивті «МИ БАТЫЛ» ойыны ойнатылды, семинарға қатысқан оқытушыларға сертификат табысталды.
«Қазақ тілі сабақтарында тілді жан-жақты дамытуға бағытталған креативті әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері» атты оқу- әдістемелік семинар жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы