«Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры Баданбекқызы Зәуре жетекшілігімен және Академия магистранттарымен ұйымдастырылған сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатындағы дәстүрлі емес форматтағы “Picnic” іс-шарасы.

2022 жылдың 24 қарашасында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры Баданбекқызы Зәуре жетекшілігімен және Азаматтық авиация академиясының магистранттары күшімен ағылшын тілінде сөйлейтін орта атмосферасында, сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында дәстүрлі емес форматта «пикник» жағдайында ұйымдастырылған “Picnic” іс-шарасы өтті. Іс-шара тосыннан берілген жағдайлардың барлық кезеңдеріне магистранттар да, келген қонақтар да тартылып, қызықты тапсырмаларды орындап, айтылған тақырыптар бойынша өз көзқарастарын ойын түрінде талқылап, түсіндіретіндей етіп ұйымдастырылды. Зәуре Баданбекқызы және магистранттар пикник кезінде әр іс-әрекеттің егжей-тегжейі мен хронологиясын ойластырды, мысалы, сәлемдесу және талқылау кезеңінен кейін бес минуттық “Teatime”, одан кейін «Дөңгелек» және «Жұмбақ» ойындары ұйымдастырылды.
Сабақтан кейін барлық қонақтар бейне жауаптар мен хабарламалар түрінде өздерінің оң пікірлерін қалдырды. Мәселен, әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі А.А.Молдыбаева былай деп пікір білдірді: «Сабақтың сценарийі, студенттердің сыртқы келбеті, барлығы ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Оқытудың жаңа технологиялары, студентке бағдарланған оқытудың заманауи жетістіктері қолданылды, реквизитке дейінгі және кейінгі пәнаралық байланыс қадағаланды. Профессор Зәуре Баданбекқызының шеберлігіне, талантына тәнтімін, ол шынымен жоғары білікті ұстаз! Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті!»

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы