Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО оқу орталықтарын құру және тануды сақтау жөніндегі жалпы талаптар шеңберінде Азаматтық авиация академиясында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО оқу орталығының (ИКАО АҚОО) қызметіне бағалау жүргізілді. Бағалауды ИКАО Еуропа және Солтүстік Атлантика өңірлік бюросының өкілі Инга Джгенти ханым жүргізді. Алдын ала бағалау сәтті өтті, сонымен бірге түпкілікті нәтижені ИКАО Авиакөлікті басқаруды (ATB) дамыту және енгізуді қолдау бөлімшесі (ISD - SEC) 3 ай ішінде жариялайды. Мұндай бағалау 3 жылда бір рет жүргізіледі.
Бағалау рәсімі оқу орталығын кешенді өткізілді, оның ішінде оқу үдерісін, оқыту сапасын бақылауды, нұсқаушыларды ағымдағы аттестациялауды, орталықтың инфрақұрылымын және аудиторияларда болу жайлылығын қамтыды.
Бағалау алдындағы кеңеске "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директорының орынбасары Д. И. Еспотанов және авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Д. М. Катышев қатысты.
Академия негізіндегі ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы 2013 жылы құрылған. ИКАО АҚОО негізгі міндеті авиациялық қауіпсіздік пен қарап тексеру жөнінде жоғары білікті мамандарын даярлау болып табылады. Біздің орталық әлемдегі ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша 35 өңірлік оқу орталықтарының бірі болып табылады. Біз қарайтын Еуропа мен Солтүстік Атлантика аймағында 11 орталық бар. Біздің ИКАО АҚОО авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу жинақтарына (ASTP) сәйкес әзірленген оқу бағдарламалары және рентген суреттерін интерпретацияны оқыту бойынша заманауи тренажерлар, сондай-ақ заманауи техникалық тексеру құралдары негізінде оқытуды жүргізеді.
ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы-Қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және оның дамуын үйлестіретін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.