Жоғары және жоғарыдан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі шеңберінде "Мамандардың жаңа буыны - азаматтық авивацияны трансформациялаудың негізі" форумы өтті

2022 жылдың 9 желтоқсанында Азаматтық авиация академиясында оқу-әдістемелік бірлестігі шеңберінде "Мамандардың жаңа буыны - азаматтық авивацияны трансформациялаудың негізі" форумы өтті. Онда ғылым және жоғары білім министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, авиациялық кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды. 

Қатысушылар авиация саласының өзгеруін, жаңа және тез өзгеретін шындыққа кадрларға деген қажеттілікті талқылады. 

Форумның екінші бөлімінде форсайт-сессиясы өтті. Форум аясында Академия серіктестері - авиация саласының жұмыс берушілерінің қатысуымен студенттерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Форсайт-сессияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі О. И. Мецик төрт тақырып бойынша модерациялады: 
Болашақ авиацияны басқару
Болашақ ұшу аппараттарының техниктері мен жөндеушілері 
Болашақтың авионикасы және ұшу аппараттары
Болашақтың тасымалдау және авиациялық логистикасы

Форум аяқталғаннан кейін "KAZLOGISTICS" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы (Қазақстан көлікшілер одағы) мен Азаматтық авиация академиясы Одақтың жеке мүшесіне кіру туралы шарт жасалды. 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы