Педагогикалық шеберлікті арттыру курсының сертификаттарын Азаматтық авиация академиясының профессорлық-оқытушылар құрамына және қызметкерлеріне тапсыру

2023 жылдың 13 қаңтарында Азаматтық авиация академиясының ректоры Б. К. Сейдахметов академияның профессорлық-оқытушылар құрамына және қызметкерлеріне "Кәсіптік оқыту әдістемесі" педагогикалық шеберлікті арттыру курсының сертификаттарын табыс етті.

Біліктілікті арттыру курсын тамаша ұйымдастырғаны және өткізгені үшін PhD докторы, Азаматтық авиация академиясының қауымдастырылған профессоры С. И. Санниковаға зор алғысымызды білдіреміз!

Барлық профессор-оқытушылар құрамына шығармашылық табыс тілейміз!

 

ӘЖД әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

*******

«Авиациялық тасымалдауды ұйымдастыру және логистика» кафедрасының ұжымы атынан курс ұйымдастырушылары мен Светлана Игоревна Санниковаға алғысымызды білдіреміз. Біліктілікті арттыру курсы мазмұны жағынан қызықты әрі пайдалы болды!

*******

"Кәсіптік оқыту әдістемесі" оқытушыларды даярлау бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту барысында мен пәндерді оқытудың әдістемелері мен әдістерін зерделеу бойынша үлкен тәжірибе алдым. Курс тек теориялық бөлімді ғана емес, сонымен қатар практикалық бөлімді де қамтыды, бұл маңызды. Курс барысында материал дәйекті және көптеген мысалдармен ұсынылды.

Құрметпен, АТҰжЛ кафедрасының ассистент-оқытушысы Никитина М. А.

*******

Курстың мазмұны қол жетімді, түсінікті және қызықты. Бұл курста оқытушылық практикада қолданылатын көптеген пайдалы әдістер бар.

АТТ кафедрасының сениор-лекторы Р. М. Қасымова

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы