Қазақ тілі пәні бойынша өткен Академия ішілік пәндік олимпиада

2023 жылдың ақпан айының 28-і күні  «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының қазақ тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Академия ішілік қазақ тілінен пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Академияда оқитын орыс бөлімінің  1 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың 1-турында олимпиадаға қатысушылар берілген тақырып бойынша шығарма жазды. Олимпиаданың 2-туры бойынша қатысушылар ауызша сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілі пәнінен өткен олимпиадада қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарды иеленді: 1-орын – Елагина А . ЛЭ-22-1  орыс тобының 1 курс студенті; 2-орын – Хасантаева  М – ОАБ-22-2 орыс тобының 1 курс студенті; 2-орын – Гайратов Ф – АВ-22-2  орыс тобының 1 курс студенті; 3-орын – Соляник Е -  МХ-22-2  орыс тобының 1 курс студенті; Аталған студенттер жүлделі орындарды иеленгені үшін мадақтамамен марапатталып, оларға Академияның жиынтық пакеті табыс етілді. ЛЭ-22-4 тобының 1 курс студенттері А. Чипенко мен Н. Клещев олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен мадақталды.  Қазақ тілі пәні бойынша  өткен Академия ішілік пәндік олимпиаданың жүлдегерлеріне табыс тілейміз.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы