«У природы нет плохой погоды» атты музыкалық-поэтикалық кеш

2023 жылдың сәуір айының 26-сы күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Орыс тілі», (ф.ғ.д., асс.проф А. Тенбаева, Phd докторы С. Санникова, сеньор-лектор Ж. Ахметова) «Қазақ тілі» (ААА проф. ф.ғ.к. Г. Тулекова, оқытушы-зерттеуші Ә. Елубай, сеньор-лектор Н. Суранчиева) секциялары оқытушыларының ұйымдастыруымен Академияның 1 курс студенттерінің қазақ, орыс топтарының арасында ашық аспан астында «У природы нет плохой погоды» атты музыкалық-поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер жыл мезгілдеріне байланысты ұлы ақын Абай мен Пушкиннің, С. Есениннің, т.б ақындардың өлеңдерін жатқа оқудан жарысты. Табиғаттың әсем мезгілдеріне байланысты ән айтудан да бақ сынасты. Музыкалық-поэтикалық кештің соңында аталған екі байқау бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқау жүлдегерлері атанған студенттер мадақтамалар мен номинация бойынша марапаттарға ие болды. «У природы нет плохой погоды» атты музыкалық-поэтикалық кеш жоғары дәрежеде өтілді. 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы