АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

26 мамыр 2023 ж. іс шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы Аккредиттеу және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі (АРТА), «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрлігінің «Мамандығым-Болашақ» жобалық тобы және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Дөңгелек үстел аясында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
Білім сапасы жоғары оқушылардың санын арттыру;
- жұмыс берушілердің талаптары, дуальды білім беру, бірлескен мақсатты бағдарламалар;
- тәжірибеге бағытталған білім;
- авиация саласы үшін жаңа мамандықтар атласын құру қажеттілігі;
- инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу;
- білім беру бағдарламалардың авиациялық саланың талаптарымен, соның ішінде халықаралық стандарттармен интеграциясы;
- білім беру орталықтарына сала қызметкерлерін тарту.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы