«English for career» атты халықаралық студенттік онлайн-конференция

Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация техникалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «English for career» атты халықаралық студенттік онлайн-конференция аясында біздің қатысушы студенттерге сертификаттар мен дипломдар табыс етілді. Сондай-ақ шараға Беларусь мемлекеттік авиация академиясы (Беларусь), И.Абдраимов атындағы Қырғыз авиация институты (Қырғызстан), Ташкент мемлекеттік көлік университеті (Өзбекстан), ұйымдастырушылардың өздері – Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация университеті (Ресей) қатысты.
Ресейлік әріптестер ААА қатысушылары тақырыптың терең ашылғанын және тілдік дайындықтың жақсы деңгейін көрсеткендерін, жоғары бағаға лайық екенін атап өтті. Сағадат Әділ (МХ 22-2 тобы), Рахымжанова Ботагөз (МХ 22-2 топ), Батабеков Нұрсұлтан (МХ 20-6 топ) жоғары теориялық дайындығын, ғылыми әдістерді белсенді қолдануын және зерттеуге деген үлкен қызығушылықтарын көрсетті.
Сондай-ақ ұйымдастырушы университет студенттерді дайындауға атсалысқан ғылыми жетекшілерге: Авиациялық ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, PhD Анаятова Разиям Курванжановна, аға оқытушылар Рябченко Инна Николаевна мен Еркебаева Ажар Нұрақынқызына сертификаттар табыс етті.
Іс-шара ынтагерлік толқынында өтті, қатысушылар авиациялық зерттеулер саласында көптеген теориялық және практикалық тәжірибе алды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы