Қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілген олимпиадалар

2022 жылдың 10 ақпанында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен (Теңбаева А.М., Ахметова Ж.Б., Санникова С. И)  қазақ бөлімінің 1 курс студенттері арасында орыс тілінен олимпиада өткізілді. Олимпиадаға барлығы 17 студент қатысты. Олимпиаданың 1 туры – орыс тілінің грамматикасы мен әдебиетін білуге арналған «Quizizz» қосымшасын қолдана отырып тестілеу. 2 тур – «Контент экологиясы: әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбындағы пікірталас. Соңғы тур Олимпиаданың нағыз әдемі көрінісі болды: қатысушылардың пікірлері ой тереңдігімен, өзіндік ерекшелігімен, мықты логикасымен ерекшеленді. Дебат барысында қызу пікірталас туындады. Студенттер өздерінің  көзқарастарын  қорғап шықты. Олимпиаданың жеңімпазы ЛЭ-21-3 тобының Нұрғали Нұржан атанды. 2 орынды МХ-21 тобының студенті Игенов Елдар және  ЛЭ-21 тобының студенті Калижанов Диас бөлісті, 3 орынды Барлыбек Айкерім және ЛЭ-21 мамандығының студенті Чомай Бекислам иеленді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтай отырып, жүлделі орын ала алмаған қатысушылардың  келесі жолы міндетті түрде жеңетініне сенім білдіреміз.

2022 жылдың ақпан айының 11-і күні  «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының қазақ тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Академия ішілік қазақ тілінен пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Академияда оқитын орыс бөлімінің  1 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың 1-турында олимпиадаға қатысушылар берілген тақырып бойынша шығарма жазды. Олимпиаданың 2-туры бойынша қатысушылар ауызша сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілі пәнінен өткен олимпиадада қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарды иеленді: 1-орын – Домашиков С. ЛЭ-21-4  орыс тобының 1 курс студенті; 2-орын – Шматова П – ОАП-21-2 орыс тобының 1 курс студенті; 2-орын – Сматуллаев Р – ЛЭ-21-4  орыс тобының 1 курс студенті; 3-орын – Барсуков И -  ЛЭ-21-6  орыс тобының 1 курс студенті; 3-орын – Рамазан А -  МХ-21-4  орыс тобының 1 курс студенті. Аталған студенттер жүлделі орындарды иеленгені үшін мадақтамамен марапатталып, оларға Академияның жиынтық пакеті табыс етілді. ОАБ- 21-2 тобының 1 курс студенті В. Верба олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен мадақталды.  Қазақ тілі пәні бойынша  өткен Академия ішілік пәндік олимпиаданың жүлдегерлеріне табыс тілейміз.

15.02.2022ж. және 16.02.2022ж. «Авиациалық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушылары  Рябченко И.Н., Еркебаева А. Н., 1 курс студенттері арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға барлығы 21 студент қатысты. 1 тур - Quizziz қосымшасын қолдану арқылы 50 минуттық Лексикалық- грамматикалық тест. 2 тур- берілген тақырыптар бойынша сұхбаттасу. Екі кезеңнің қорытындылары  бойынша келесі студенттер олимпиаданың жеңімпаздары атанды:1 орын –КасымханСадуакас (Лэ (с) 21-2тобы); 2 орын – Рубан София (Ав—21.2тобы); 2 орын – Арынов Ерзат (ЛЭ-21. 3тобы); 3 орын – Эгизбаев Талғат (Ав—21.2тобы); 3 орын – Иманғазы Маді ( Ав—21.2тобы). Алғыс грамотасы Данила Обуховичке берілді (Ав—21,2 тобы). Жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтай отырып, ризашылығымызды білдіреміз.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы