2023 жылдың қыркүйек айының 22-сі күні сағат 10.00-де «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында «Авиациялық ағылшын тіл» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушыларының ұйымдастыруымен (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, оқытушы- зерттеуші А. Елубай, сеньер – лектор Н. Суранчиева) «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттер мемлекеттік тілге байланысты пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Сонымен қатар қазақ тілі туралы өлеңдер оқып, презентациялар көрсетті. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтілді.