Азаматтық Авиация Академиясының студенттері «Алтын күз» туристік слетінде есу слаломынан бірінші орын алды.
23-24 қыркүйек аралығында Алматы облысы Іле ауданында Іле өзенінің бойындағы Таңбалы тас трактінде туристік көпсайыс бойынша біріншілік өтті. Шара бұқаралық спорттық туризмді кеңінен насихаттау және одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс таулы туризм, су туризмі, жаяу серуендеу сияқты бірнеше бағытта өтті.
Айта кету керек, тау туризмі бойынша біздің студенттер үздік командалардың ондығына енді.