Диалог алаңы! Дәстүр бойынша Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов «Әуе тасымалдарын ұйымдастыру», «Көліктегі логистика», «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Авиациядағы көлік процестерінің технологиясы» мамандықтарының 3-4 курс студенттердің алдында оқу үдерісінде қол жеткізген мақсаттар туралы айтып, және де ЖОО-ның даму бағыты туралы баяндады.
Одан бөлек Бекен Сейдахметов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің отандық ғылымды дамыту саласындағы саясат мәселелеріне тоқталып, салаға кадрлар даярлаудың жаңа тәсілі – дуалды оқытуға да тоқталды.