Азаматтық Авиация Академиясы басқа университеттермен қатар Times Higher Education әлемдік рейтинг қатарына «репортер» дәрежесімен кірді.

Азаматтық Авиация Академиясы ҚБТУ, Нархоз университеті, Торайғыров университеті, Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және т.б. университеттермен қатар Times Higher Education әлемдік рейтинг қатарына «репортер» дәрежесімен кірді.

Times Higher Education рейтингісін құрастырушылар жыл сайын университеттердің жұмысын оқыту сапасы, ғылыми-зерттеу қызметі, халықаралық даму болашағы негізінде зерттеп, білім және инновацияларды тарату деңгейі бойынша бағалайды.

Times Higher Education, QS World University Rankings университеттерінің әлемдік рейтингісі Әлемдік университеттердің академиялық рейтингісімен бірге ең ықпалды халықаралық университеттер рейтингтерінің үштігіне кіреді.

Әлемдік университеттер рейтингтеріне сілтеме: https://www.timeshighereducation.com/.../2024/world-ranking

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы