Бүгін "NEW SILK WAY" VI Халықаралық көліктік-логистикалық БИЗНЕС-форумының ашылуы өтті.

Бизнес-форум Қазақстанның көлік апталығы, "Translogistica Kazakhstan 2023" 26 халықаралық көрмесі аясында 4-6 қазан аралығында Астана қаласында "EXPO"халықаралық көрме орталығында өтеді.

Бизнес-форумда сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ жаңа технологиялар, инновациялар мен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылайды.

Азаматтық авиация академиясының Академиялық қызмет жөніндегі проректоры К. Б. Жақыпов "Көліктегі Ғылым және кадрлар" панельдік сессиясында баяндасымен сөз сөйлейді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы