ИКАО-ның авиациялық дайындық саласындағы мақсаты азаматтық авиациядағы халықаралық стандарттарға сәйкес адами ресурстарды дамыту жөніндегі мүше мемлекеттердің стратегияларын қолдау болып табылады. Авиациялық кадрларды даярлау сапасы ұшу қауіпсіздігіне және кәсіптік даярлық деңгейіне байланысты.
Тараптар Академияның білім беру процесіне Еуропалық стандарттарды енгізу және Қазақстанда ICAO Next Generation of Aviation Professionals - NGAP (Авиация мамандарының келесі буыны) бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. ИКАО статистикасына сәйкес, алдағы 20 жылда білікті кадрлар тапшылығының өсуі күтілуде. Мамандардың негізгі біліміне қойылатын талаптар саланың болашағы үшін маңызды болғандықтан авиация персоналынан жаңа дағдыларға бағдарлануды талап етеді. Болашақ кадрларды қамтамасыз ету және қажеттіліктерді форсайт-зерттеу жолымен оқыту бағдарламаларының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келтіру Қазақстанның ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тұжырымдамасында да көрініс тапты. Бұл мәселелерді Ралло мырза Академияның және Азаматтық авиация комитеті басшылығымен талқылады.
Сапардың екінші бөлігінде Николя Ралло Академия студенттерімен интерактивті форматта кездесу кезінде студенттерді шабыттандырды және ынталандырды. Қонағымыз студенттердің авиация әлемі туралы білімі мен зияткерлік қабілеттерінің жоғары деңгейін атап өтті. Ағылшын тілінде өткен диалог барысында студенттер халықаралық ұйым басшысынан көптеген сұрақтарына жауабын алды.
Анықтама: ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO — International Civil Aviation Organization) — БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі, азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілеп отырып, қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында дамуын үйлестіреді. Ұйымның мүшелері ретінде 193 ел қатысады. Қазақстан 1992 жылы Халықаралық Азаматтық авиация туралы Конвенцияны (Чикаго, 1944 ж.) ратификациялады және 56 елден тұратын ИКАО еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақтық бюросына жатады.