Азаматтық авиация академиясының делегациясы Литваның Казимерас Симонавичюс университетінде (KSU)

Азаматтық авиация академия атынан ректор Б.Сейдахметов, ғылыми қызмет жөніндегі проректор Қ.Көшеков және авиация стандарттары жөніндегі директоры Д.Туреахметов Казимерас Симонавичюс университетіне жұмыс сапарымен болды.

Кездесу барысында студенттердің ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды.

«Сонымен қатар біз жасанды интеллект технологиялары, соның ішінде Big Data негізінде статистикалық деректерді есепке алу, бақылау және талдаудың бизнес-процестерін цифрландыру бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселесін де қозғадық.

Сонымен бірге «Авиация менеджменті» МВА бағдарламасы бойынша бірлескен оқуды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілді, - дейді ғылыми қызмет жөніндегі проректор Қайрат Көшеков.

Бірлескен өтінімді – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің анарлық қаржыландыру конкурсына қатысу жобасын дайындау жоспарлануда.

Жұмыс сапары аясында делегация Еуропадағы «Avia Solution Group» заманауи озық авиация кәсіпорнында да болды. Кездесу барысында студенттердің өндірістік тәжіребені өту туралы келісімге қол жеткізілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы