Азаматтық авиация академиясының делегациясы «Airbus» ұшағының Отанында

Азаматтық авиация академия атынан ректор Б.Сейдахметов, ғылыми қызмет жөніндегі проректор Қ.Көшеков және авиация стандарттары жөніндегі директоры Д.Туреахметов Францияның Тулуза қаласындағы «AirBus» компаниясының штаб-пәтерінде болды.

Жұмыс сапары барысында делегация «Airbus Training Center Europe» ұшу мектебінің жұмысымен танысты, сондай-ақ «Airbus» өкілдерінің ұшқыштар мен техникалық персоналды оқытудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ ғылым саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін жасанды интеллектті пайдалану, виртуалды технологиялардың негізінде авиация мамандары мен ұшқыштарды даярлау сапасын арттыру және азаматтық авиацияда Big Data әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы