Академияда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірқатар семинарлар өткізуде.

Ынтымақтастық және салауатты өмір салтын профилактикалау аясында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, Академияда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірқатар семинарлар өткізуде.

Бүгін Академия мен колледж студенттері үшін дене шынықтыру бойынша алғашқы лекция өтті. Студенттерге физикалық денсаулықты сақтаудың жеке адам үшін де, жалпы авиация мамандары үшін де маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Ұйымдастырушылар: Әуе кемелерінің ұшуын пайдалану кафедрасының доценті Долженко Н.А. және Алматы қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Игимбаева О.В.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы