Әскери сауыт-саймандарды киіп көріп, қазба жұмыстары кезінде табылған тұрмыстық бұйымдарды: қыш ыдыстарды, ежелгі мемлекеттердің теңгелерін, түрлі зергерлік бұйымдарды, еңбек құралдарын өз көзімен көріп, өткен ғасырлардағы қазақ халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарымен танысты. Азаматтық авиация академиясының студенттері оқу-тәрбие жұмысы аясында Орталық Қазақстан тарихы мұражайында болды.
«Көптеген экспонаттар, қызықты, сирек кездесетін картиналар, жоғары сапалы көрме. Мұражайға келгенімізде рухани байып, өте риза болдық», - дейді студенттердің бірі өз әсерімен бөліседі.
Одан әрі қазақ өмірі мен қазақтың музыкалық аспаптарына арналған залда студенттер көрмеге қойылған домбырада бірнеше ұлттық күйлер орындады.
Экскурсия Отырар қаласының тарихына арналды. Іс-шараға АВ-23-1, ОАД-23-1, ОАБ-23-1,3, ЛГ-23-1 ОАП, ТТП-23-1 топтарының студенттері қатысты.