"Жалпы білім беру пәндері" кафедрасының бастамасымен мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жағыру жолы " атты кезекті жолдауын түсіндіру мақсатында академия студенттерімен іс-шара өткізілді. Іс-шарада мемлекет басшысының қаңтар оқиғасы мен қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер, демократияны жетілдіру аясындағы ауқымды және жүйелі реформалар, Жаңа қазақстанды құру тетіктері туралы айтылған міндетемелері талқыланды. Мемлекет басшысының жолдауы бойынша студенттер өз көзқарастарын білдірді. Өткізілген іс- шарадан қазіргі жастардың Жаңа Қазақстанға үлкен үміт артатынын аңғаруға болады