🔎АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯ EASА ЕУРОПАЛЫҚ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ АГЕНТТІГІНІҢ СЕРТИФИКАЦИЯСЫНА ТАҒЫ БІР ҚАДАМЫН БАСТЫ

EASA - Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің аккредитациясынан Азаматтық авиация академиясының 9 нұсқаушы өтті, соның ішінде EASA Part-FCL Академиясының оқу орталығының 6 нұсқаушысы, Әуе кемелерін ұшуда пайдалану кафедрасының 2 оқытушысы және оқытушылық қызметпен айналысатын әуекомпания ұшқышы.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация академиясының EASA Part-FCL оқу орталығының нұсқаушылары жаңа Area 100 KSA (Knowledge, skills and attitude) пәні бойынша оқуды сәтті аяқтады. Құзыреттілікті дамыту курсы 2022 жылдан бастап ұшқыштар үшін міндетті болып табылады. Бұл пән бойынша сертификатталған нұсқаушылар мен емтихан алушылар ТМД елдерінде алғаш рет пайда болғанын атап өткен жөн.

Жалпы бұл қадамдар Академияны EASA стандарттары бойынша сертификаттауға дайындаудың келесі кезеңдері. Естеріңізге сала кетсек, дайындық EASA белгілеген стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын және басқа да құжаттарды әзірлеуге жауапты Avia Solution Group құрамына кіретін BAA Training компаниясымен келісу арқылы жүзеге асырылады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы