Азаматтық авиация академиясында ЖОО аралық студенттердің пәндік олимпиадасын өткізіледі

Азаматтық авиация академиясының «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасы 2024 жылдың 16 ақпанында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Жастар өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени бастамалар жылына» арналған ЖОО аралық пәндік олимпиаданың 2-кезеңі өтеді.
Еліміз жастардың таланты мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған бастамаларды белсенді түрде қолдайды. Мемлекеттік бағдарламалар жастар жобаларын, спорттық шараларды, өнер фестивальдерін және басқа да мәдени шараларды қолдауды көздейді.
Осы бастамалардың арқасында жастар өзін-өзі танытуға, өз мүмкіндіктерін ашуға және еліміздің мәдени өмірінің белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік алды. Сондықтан олимпиаданың мақсаты – шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту; ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын дамыту.
Олимпиада тілдері: қазақ, орыс.

• ЖОО аралық студенттердің пәндік олимпиадасын өткізу туралы Ақпараттық хат.docx
• Информационное письмо о проведении Межвузовской студенческой предметной олимпиады.docx

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы