«Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби-сазды поэзия кеші

2024 жылдың ақпан  айының 8-і  күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушыларының (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньер–лектор Н. Суранчиева) ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 93жыл толуына орай  «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби-сазды поэзия кеші өткізілді. Кеш барысында Академияның қазақ және орыс топтарының 1 курс студенттері  ақынның  поэзия, туған жер, Отан, махаббат, достық  туралы жырларын жатқа айтып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына қойылым қойды. Сахнада ақынның сөзіне жазылған керемет әндер орындалып, күйсандықта тамаша туынды орындалды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 93жыл толуына орай  өткізілген «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби-сазды поэзия кеші жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы