Құрметті оқытушылар, Академия қызметкерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру мен мемлекеттік тіл - қазақ тілін дамыту мақсатында, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы азаматтық авиация саласы мамандарының тілдік коммуникациясын жоғарлату әдістемесін талдау және психолингвистикалық мәселелерді зерттеу» атты АА Академиясының ЖОО арасындағы ішкі ғылыми жоба тақырыбы бойынша (Келісімшарт №87, 09.02.2024ж, Бұйрық №17, 18.01.2024ж) «Қазақша сөйлесейік» айдарымен өткізілетін «Қазақ тілі» клубына шақырамыз. Егер сіз қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, топ алдында еркін сөйлегіңіз келсе, аталған клубтың белсенді қатысушысы болыңыз! Қатысу -тегін!
Ұйымдастырушылар - «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушылары және ғылыми жоба ұжымы (Ғылыми жоба жетекшісі – Тулекова Г.Х)
Өтілетін күні, уақыты, орны - Әр аптаның сейсенбі күндері, сағат 14.30-15.20. 221-дәрісхана