Қазақ тілі пәні бойынша өткен Академия ішілік пәндік олимпиада

2024 жылдың ақпан айының 20-сы күні  «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының қазақ тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньер–лектор Н. Суранчиева) Академия ішілік қазақ тілінен пәндік олимпиада өткізді. Олимпиадаға Академияда оқитын орыс бөлімінің  1 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың 1-турында олимпиадаға қатысушылар берілген тақырып бойынша шығарма жазды. Олимпиаданың 2-туры бойынша қатысушылар ауызша сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілі пәнінен өткен олимпиадада қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарды иеленді:
1-орын – Садирова  А. АВ-23-4  орыс тобының 1 курс студенті;
2-орын – Лутпуллаев Ш – ОАП-21-2 орыс тобының 1 курс студенті;
2-орын – Ирисахалинов И  – ЛЭ-23-4  орыс тобының 1 курс студенті;
3-орын – Бобылев А -  ЛЭ-23-2  орыс тобының 1 курс студенті;
3-орын – Лигай  А – ОВД-23-2  орыс тобының 1 курс студенті;
3-орын – Осипова А – МХ-23-4 орыс тобының 1 курс студенті.
Аталған студенттер жүлделі орындарды иеленгені үшін мадақтамамен марапатталып, оларға Академияның жиынтық пакеті табыс етілді. Қазақ тілі пәні бойынша  өткен Академия ішілік пәндік олимпиаданың жүлдегерлеріне табыс тілейміз.
 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы