АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ХАНСЕО УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚҰРУДА

Оңтүстік Кореядан келген ғалым Азаматтық авиация академиясында бір айға жуық жұмыс сапарымен болды. Хансео халықаралық авиация университеті факультеті деканының орынбасары, доктор Хансек Юнг (PhD) республикалық бюджет есебінен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша келген болатын.

Осы кезеңде тараптар 10 бағыт бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады;

- Бірлескен дипломдық бағдарламалар;

- АТС оқыту бағдарламасы;

- Академия журналында Оңтүстік Корея студенттерінің жұмыстарын жариялау;

- Жыл сайынғы ғылыми конференцияларды ұйымдастыру;

- оқытушылар мен студенттерге арналған алмасу бағдарламалары;

- AABI аккредитациясынан өтуді қолдау;

- Бірлескен онлайн курстарды ашу және т.б.

Сонымен қатар сапар барысында доктор Юнг бакалавриат және магистранттарға «Авиациялық физиологияға кіріспе» тақырыбында дәріс оқыды, және де Хансо университеті ұсынатын FAU авиациялық бағдарламаларымен таныстырды.

Жұмыс сапарының соңында доктор Юнг Азаматтық авиация академиясының оқытушыларына Хансео университеті атынан алғыс хаттар табыс етті.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы