«Авиациялық тасымалдарды ұйымдастыру және логистика» кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу өткізді

«Авиациялық тасымалдарды ұйымдастыру және логистика» кафедрасы білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында «Авиациялық тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша сарапшылар мен жұмыс берушілермен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында әріптестер жұмыс берушілердің кадрларға ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін анықтап, түлектерін даярлау сапасы туралы пікірлер мен білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстар алды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы