2024 жылдың ақпан айының 28-і күні сағат «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушылары ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылындағы “Қапал батыр атындағы” КММ мектебінде «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні» апталығы аясында өткен семинардың қонақтары болып қайтты. Семинар барысында қазақ тілінің қоғамдағы орны, бүгіні мен болашағы туралы сөз қозғады. Мемлекеттік тілдің азаматтық авиация саласында қолданылу деңгейі бойынша ғылыми жоба нәтижелері көрсетіліп, мектеп оқушыларына Академияға оқуға түсу туралы үгіт -насихат жұмыстары жүргізілді. «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні» апталығы аясында өткен семинар жоғары дәрежеде өтілді.