Азаматтық Авиация Академиясы студенттермен кәсіптік бағдар жұмысын жетілдіруге

Азаматтық Авиация Академиясы студенттермен кәсіптік бағдар жұмысын жетілдіруге, жастарды оқытудың нысандары мен әдістерін кеңейтуге, жастардың үздіксіз білім алу процесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақ талапкерлерді оқуға түсуге дайындауға бағытталған Алматы қаласы "Оқушылар сарайымен" ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Академия ректоры Б.Сейдахметов пен Оқушылар сарайы директорының ғылыми-техникалық қызмет жөніндегі орынбасары В.Никифоров және әріптесі, ғылыми-техникалық бөлімнің меңгерушісі Н.Беляевамен бірге өзара іс-әрекеттерді кеңейтіп, нығайтуға келісті.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы