«Амал күні қазағым көріседі, Көрісу- бұл көненің желісі еді» атты Амал мерекесі-Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара

2024 жылдың наурыз айының 14-і күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Амал күні қазағым көріседі, Көрісу- бұл көненің желісі еді» атты  Амал мерекесі-Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Академия фойесінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін қазақ үй тігілді. Мерекелік іс-шараны ААА-ның профессоры, ф.ғ.к., Г. Тулекова жүргізді. Академия ректоры Б. Сейдахметов келген қонақтар мен Академия қызметкерлерін, оқытушыларын, студенттерді бүгінгі Көрісу күнімен құттықтады.  Іс-шара барысында қазақ халқында әз-Наурыз 14 наурыз -Амал мерекесі -Көрісу күнінен бастау алатыны айтылып,  Көрісу күнінде халықтың қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысатын рәсімі жасалды. Азаматтық Авиация Академиясының «Аспан» ансамблінің орындауында тамаша күй тартылып, ән шырқалды. Мереке соңында ААА профессоры, ф.ғ.к. З. Баданбекқызы мен кафедра меңгерушісі, ААА -ның қауымдастырылған профессоры,  Phd докторы Р. Анаятова шашу шашып, бата берді. «Амал күні қазағым көріседі, Көрісу- бұл көненің желісі еді» атты  Амал мерекесі-Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы