Білім беруді жаһандандыру және цифрландыру кезеңінде халықаралық білім беру кеңістігінде ЖАОК жоғары оқу орындарын ілгерілетудің, ел мәдениетін дәріптеудің тиімді құралына, сондай-ақ қосымша кіріс тарту тәсіліне айналады.
Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі Азаматтық авиация академиясында ЖАОК іске асыруды дамыту білім беру қызметін жаңғырту жәніндегі міндеттерді шешудегі ролін анықтауда әдістемелік және техникалық қамтамасыз етудің перспективалық нысандарын іздеу және талқылау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2024 жылдың 19 наурызында профессорлық-оқытушылар құрамы үшін сарапшы АТУ Инновациялық білім беру технологиялары орталығының директоры Анастасия Анатольевна Калабинаның қатысуымен «Жаппай ашық онлайн курстарды енгізу: қағидаттары, құралдары, тәжірибесі» атты тақырыпта әдістемелік семинар өткізді.
Онлайн-семинар барысында ЖАОК платформаларын әзірлеу және орналастыру бойынша проблемалық мәселелер қозғалып, талқыланды, оқытушылар осы семинарға үлкен қызығушылықпен қатысты.