28 наурызынан бастап EALTS тестілеу басталады

Азаматтық авиация академиясының тестілеу орталығы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен тестілеу өткізуге мақұлдау алды. 28 наурызынан бастап ИКАО талаптарына сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін авиация қызметкерлерін тестілеу басталады. Тестілеу нәтижелері бойынша кандидатқа авиациялық ағылшын тілінің деңгейін растау үшін Азаматтық авиацияның пилоттары, студент-пилоттары, диспетчерлері мен штурмандары үшін қажетті ИКАО шкаласының әрбір бағаланатын элементі бойынша нәтижені көрсете отырып, ағылшын тілінде белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Тестілеу нәтижелерін бағалаушы Британдық фирма LTAS Ltd болып табылады, оның Ұлыбритания мен Қазақстанның авиациялық әкімшіліктері авиациялық ағылшын тілін білетін маманның бағалаушысы ретінде әрекет етуге уәкілетті органы ретінде мақұлдауы бар. Тестілеу EALTS бағдарламасы бойынша өткізіледі, ИКАО мақұлдаған авиацияға арналған халықаралық танылған ағылшын тілін тестілеу жүйесі. Авиациялық ағылшын тілін тестілеу рәсімі туралы толығырақ сайтта танысуға болады https://www.ealts.com. Сұрақтар үшін: +7 747 464 5815, aliya.jazykova@agakaz.kz, Әлия Жазықова

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы