Азаматтық авиация академиясының қабырғасында қайырымдылық концерті өтті

Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Азаматтық авиация академиясының студенттері қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Бұл кеш ынтымақ пен мейірімділіктің нағыз салтанаты болды!

Жиналған қаражат Текелі қаласындағы қарттар үйіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады, бұл тұрғындардың жайлылығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Осы игі шараға атсалысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз! Сіздердің мейірімді жүректеріңіз бұл кешті ұмытылмас етіп, жылулық пен қуанышқа толтырды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы