🇰🇿🇪🇺АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ӨКІЛДЕРІ АМАЛ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

⚡️Еуропалық комиссияның халықаралық әріптестік жөніндегі аға кеңесшісі Хенрик Хололей, Еуроодақ Елшісі Кестутис Янкаускас, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Азаматтық авиация академиясының студенттерімен кездесті.

Жұмыс сапары барысында қонақтарға Амал күнінің тойлау рәсіміне қатысу сәті түсті. Білім ошағының фойесінде орналасқан киіз үйде Еуропалық Одақ өкілдеріне мерекелік дастархан жайылып, студенттердің өнерлері паш етілді.

Кейін Хенрик Хололей студенттерге арналған дәрісін өткізіп, азаматтық авиация саласындағы әлемдік трендтер мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Студенттер өз кезегінде қызықтырған сұрақтарын қойып, Еуропадан келген қонақтардың назарынан тыс қалмады.

🌱🌱🌱🌱

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы