Студенттеріміз Азаматтық авиация академиясының тәжірибелі медицина қызметкерлерімен кездесіп, туберкулездің алдын алудағы маңызды мәселелерді талқылады.
Шарада аталмыш дертті диагностикалау мен емдеу әдістері, оның алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және тақырыпқа қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз. Құнды кеңестері мен ұсыныстары үшін медицина мамандарына рахмет!