АКАДЕМИЯДА ЖОҒАРЫ АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

1-2 курс студенттері арасындағы ағылшын тілінен халықаралық олимпиада Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация университетінің; И.Әбдірайымов атындағы Қырғыз авиация институтының ; Беларусь мемлекеттік авиация академиясының студенттерін біріктірді.

Олимпиаданың мақсаты – авиациялық жоғары оқу орындарының студенттері арасында ағылшын тілін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ авиациялық терминология және кәсіби коммуникация саласында білім мен тәжірибе алмасуды ынталандыру. Сондай-ақ байқау үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы