Технологиялар мен нарықтық талаптар үнемі дамып жатқан әлемде өзгерістерге бейімделу қажеттілігі өте маңызды. Авиация да кәсіпқойлар технологиялық жетістіктерге ілесу керек сала.

Азаматтық авиация академиясының қабырғасында жүзеге асырылып жатқан «Өмір бойы оқу» тұжырымдамасы уақыт талабына сай білімді жаңартуға көмектеседі.

Азаматтық авиация академиясы авиациялық персоналды кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламаларының талаптарына, сондай-ақ ИКАО ережелеріне сәйкес авиация мамандарын кәсіби даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады.

Орнитологиялық ұшуды қамтамасыз ету бойынша мамандарды даярлау бейресми білімге жатады, өйткені оқыту дәстүрлі оқу орындарынан және ресми бағдарламалардан тыс жүргізіледі. Бұл тренинг, ең алдымен, әуежай мен авиакомпания мамандары үшін орнитологиялық ұшуды қамтамасыз ету бойынша базалық білім алуға арналған.

Қазақстан Республикасының әуежайларында мамандардың жетіспеушілігі орнитологиялық жағдайдың нашарлауына және әуе кемелерінің құстармен және жабайы жануарлармен соқтығысуына алып келеді. Сондықтан әуежайларға білікті мамандар қажет. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бекіткен орталықта оқуды аяқтау елдегі әуежайлар мен әуе компанияларында жұмысқа орналасу кезінде артықшылық береді.

Орталықта Қазақстан Республикасы мен көршілес елдердің әуежайларында құстар мен жабайы жануарлармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Бұл курсқа тіркелу үшін келесі телефон нөмірі бойынша менеджерге хабарласыңыз:

+7 705 411 92 65, tn.sabina@agakaz.kz.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы