Бүгін біздің студенттеріміз академия ректорымен бірге тамаша игі іс атқарды – олар Алматы облысы, Текелі қаласындағы қарттар үйіне жылы көңіл-күй сыйлап қайтты.

Бұл қамқорлыққа толы әсерлі кездесу болды.

Біздің белсенділер қариялар үшін нағыз концерт ұйымдастырып, залды қуаныш пен қызыққа толтырды. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралары кезінде жиналған қаражатқа сатып алған қажетті тұрмыстық техникаларын сыйға тартты. Бұл кішігірім, бірақ өте маңызды іс-шара қарт жандардың жағдайын жақсартуға көмектеседі.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы