«Сабақ беру процесінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын тиімді қолдану» атты мастер-класс

       2024 жылдың наурыз айының 29-ы күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к Г. Тулекова қазақ тілі пәні бойынша ЛЭ-23-4 тобында  «Сабақ беру процесінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын тиімді қолдану» атты тақырыпта мастер-класс өткізді. Сабақ барысында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары тиімді қолданылды. Атап айтқанда, топтастыру стратегиясы, венн диаграммасы, еркін жазу немесе өзім үшін жазу стратегиясы, автор орындығында орындау, кубизм стратегиясы. Мастер- класс барысында студенттер белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Аталған мастер-класс жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы