ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: QR-КОДТЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУ

«Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры Баданбекқызы З.  2024 жылдың 19 сәуірінде И. Абдраимов атындағы Қырғыз авиация институтының өкілі Тентимишова Ч.Ш. қатысуымен «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» білім бағдарламасының 3 курс студерттерімен «Шығармашылық: QR-кодты білім беруде қолдану» тақырыбында Халықаралық деңгейде  үш тілде шеберлік сабақ өткізді.
Шеберлік сабақтың мақсаты: Оқу үдерісіне жасанды интеллект құралдарын енгізу тәжірибесімен бөлісу.
Шараға студенттермен бірге ААА ПОҚ және қызметкерлері: ААТ кафедрасының меңгерушісі Анаятова Р.К., АТҰЛ кафедрасының меңгерушісі Асильбекова И.Ж., ӘҚБ басшысы Молдыбаева А.А., ӘҚБ бас әдіскері Найманова А.У., кафедра оқытушылары АТТ Ким Д.С., АТҰЛ Гармаш О.В., ААТ Тулекова Г.К., Еркебаева А.Н., Засорина Ю.А. және т.б. белсенді қатысты.
QR-кодты енгізу нәтижесінде білім беру технологиясының қолжетімді және тиімді жаңа шекаралары ашылып, оң нәтижелер көрсетеді. Олардың көпшілігі студенттердің материалды жақсы қабылдануын, оқуға құштарлығын көтереді және заманауи технологияларды қолдану есебінен материалды қайталауға кететін уақытты азайтуға септігін тигізеді.
Шеберлік сабағы әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің қолдауымен жоғары әдістемелік деңгейде өтті, барлық қатысушылар іс-шараларға белсенді қатысты.
 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы